Өзбекстан мен Үндістан контейнерлік жүкті тасымалдаудың жаңа жолын ашты

177

Жолға кететін уақыт – 15 күн. 

Өзбекстан мен Үндістан контейнерлік жүкті тасымалдаудың жаңа жолын ашты Фото: EADaily

Өзбекстан мен Үндістан жаңа мультимодальды маршрут бойынша контейнерлік тасымалдауды бастады. Бұл туралы "Sputnik Өзбекстан" хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Агенттік хабарлағандай, алғашқы жүк теңіз арқылы Үндістаннан Иранның Бандар-Аббас портына, сол жерден Өзбекстандағы Сергели теміржол станциясына жеткізілді.

Контейнерлер небәрі 20 күнде 2,7 мың шақырымды жүріп өтті. Болашақта бұл уақыт 15 күнге дейін қысқарады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алдағы күзде Қытай—Қырғызстан—Өзбекстан темір жолының құрылысы басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу