Өзбекстан мигранттарды ВИЧ-ке тексеруден өтуді міндеттеді

780

Өзбекстан мигранттарды ВИЧ-ке тексеруден өтуді міндеттеді

Өзбекстан президенті АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) індетімен күресу жөніндегі құжатқа қол қойды. Ондағы шараның бірі – ұзақ жылдар бойы шетелде жұмыс істеген азаматтар мен олардың отбасыларын тексеруден өткізу, деп жазады жергілікті БАҚ-қа сілтемемен abai.kz.

АИТВ-қа қарсы күрес елдің арнайы мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Осыған сәйкес, арнайы дәрі-дәрмек сатып алуға қаржы бөліну көзделген.

Індетті жұқтырған азаматтарға арнайы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Атап айтқанда, АИТВ індеті бар анадан туған балаға құрғақ сүт қоспасын тегін беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Ресми мәліметке қарағанда, Өзбекстанда 32 мыңнан астам адам АИТВ індетін жұқтырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу