Өзбекстан мұғалімдерге мобильді байланысты арзандатты

1138

Тарифке қосылу үшін мұғалімдер бар болғаны ұялы байланыс кеңсесіне паспорт пен білім беру жүйесінде қызмет істейтінін растайтын құжатты алып келуге тиіс. 

Өзбекстан мұғалімдерге мобильді байланысты арзандатты

Өзбекстанның білім министрлігі және UMS ұялы байланыс компаниясы бірлесе осындай келісімге келді. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Құжатқа білім министрінің орынбасары мен компанияның коммерциялық директоры қол қойды.

Тарифке қосылу үшін мұғалімдер бар болғаны ұялы байланыс кеңсесіне паспорт пен білім беру жүйесінде қызмет істейтінін растайтын құжатты алып келуге тиіс. 

Ұстаздарға мұндай жеңілдік ұсынып отырған UMS компаниясының 50,01 пайызы бұған дейін ресейлік МТС фирмасының меншігінде болған еді. 2016 жылы Өзбекстан үкіметі оны толықтай сатып алып, компания Ташкенттің бақылауына алынды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу