Өзбекстан Нипах вирусына байланысты Үндістаннан импортты уақытша шектеді

111

Бас мемлекеттік ветеринарлық инспектор тиісті шешім шығарды.

Өзбекстан Нипах вирусына байланысты Үндістаннан импортты уақытша шектеді Фото: Shutterstock

Өзбекстан 29 қаңтардан бастап Үндістаннан тірі жануарлар мен құстарды әкелуге уақытша шектеу енгізді. Бұл Нипах вирусының ел аумағында таралуын болдырмау мақсатында қабылданған. Елдің Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының шешімі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Осылайша Үндістанның бүкіл аумағынан тірі жануарлар мен құстарды импорттауға тыйым салынып отыр. Бұдан бөлек Батыс Бенгалия штатынан мемлекеттік ветеринарлық қызметтің бақылауындағы барлық тауар түрлерін әкелуге де уақытша шектеу енгізілді. 

Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының қол қойған құжатына сәйкес, Батыс Бенгалия штатында Нипах вирусына байланысты эпидахуал күрделі екені айтылған. Тиісті мәлімет Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының деректерінде келтірілген. 

Мемлекеттік ветеринариялық қызмет эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы аумақтардан өнім әкелу мәселесін жеке тәртіппен қарайтын болады. Бұған дейін Өзбекстан Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияда Нипах вирусының таралуына байланысты ел азаматтарын сақтық шараларын сақтауға шақырған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу