Өзбекстан палестиналық босқындарға көмек көрсету үшін 1,5 млн доллар қаражат бөлді

629

Қаражат БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне (UNRWA) жіберіледі. 

Өзбекстан палестиналық босқындарға көмек көрсету үшін 1,5 млн доллар қаражат бөлді Фото: reuters.com

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев палестиналық босқындарға көмектесу үшін ақша бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты gazeta.uz порталына сілтеме жасап.

"Біз Палестина халқымен әрдайым біргеміз және оның тәуелсіз мемлекет құру құқығын қолдаймыз", - деді Мирзиёев.

Израильде Өзбекстанның 10,5 мыңнан астам азаматы тұрады. Олардың көпшілігі қаржылық қиындықтарға байланысты еліне қайта орала алмай жатқаны хабарланды.

Мирзиёевтің айтуынша, Палестинада өзбек азаматтары туралы деректер жоқ, бірақ "онда жергілікті тұрғындарға күйеуге шыққан әйелдер болуы мүмкін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу