Өзбекстан парламенті Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін сақтау туралы шешім қабылдады

607

Ереуіл кезінде зардап шеккендер туралы дерек жарияланбады.

Өзбекстан парламенті Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін сақтау туралы шешім қабылдады

Өзбекстан Парламенті Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін өзгерту туралы бапты бүкілхалықтық талқылаудан алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл түзетулер Нүкістегі халықтың бас көтеруіне әкеліп соққан еді. 

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев "Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын бүкілхалықтық талқылау барысында Қарақалпақстан халқының ұсыныстары мен пікірлері туралы айтқан сөзінде Жоғарғы Кеңес депутаттарымен және Қарақалпақстан халқының өкілдерімен кездесу барысында барлық ұсыныстарды ескеру қажеттігін атап өтті. Яғни Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70-ші, 71-ші, 72-ші, 74-ші және 75-баптар өзгеріссіз қалады, ал қолданыстағы нормалар сақталады. 

Заң шығарушы палата "Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімін 2022 жылғы 15 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. 

Естеріңізге сала кетейік, соңғы күндері Қарақалпақстан астанасы Нүкісте ереуілдер болды. Наразылық шарасы кезінде нақты қанша адамның зардап шеккені жарияланбады. Қарақалпақстанды егемендігінен айыру туралы өзгерістің Конституцияға енгізілмек болуы халықтың бас көтеруіне әкеліп соқты. Өзбекстан аумағында 2 тамызға дейін төтенше жағдай енгізілді. Қазақстанмен арадағы шекара бекеттері жабылып, пойыз қатынасы тоқтатылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу