Өзбекстан парламенті сайлауында билеуші партия жеңіске жетті

164

Сарапшылардың айтуынша, нағыз оппозиция сайлауға қатысқан жоқ. 

Өзбекстан парламенті сайлауында билеуші партия жеңіске жетті Фото: Gazeta.uz

Өзбекстанда 27 қазанда өткен парламенттік сайлауда биліктегі Либералдық-демократиялық партия (ӨзЛиДеП) жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша, билеуші партия 35,75% дауыс жинап, Парламенттің заң шығару палатасында 64 орынға ие болды, деп хабарлады Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК).

Екінші орында "Миллий тикланиш" демократиялық партиясы (18,82%). "Адолат" социал-демократиялық партиясы – 16,20%, Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы (ӨХДП) – 17,11%, Өзбекстанның экологиялық партиясы – 13,12% дауыс жинады.

Бір мандатты округтер бойынша дауыс беру нәтижелерін ескере отырып, ҰзЛиДеП төменгі палатадағы 150 орынның 64-іне, "Миллий тикланиш" - 29, "Адолат" - 21, ХДП - 20, Экопартия - 16 орынға ие болады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға сайлаушылардың 74,72 пайызы қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу