Өзбекстан павильоны EXPO-2025 көрмесінде ең басты марапатқа ие болды

166

Бұл туралы Өзбекстанның мәдениет пен өнерді дамыту қоры мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kun.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан павильоны EXPO-2025 көрмесінде ең басты марапатқа ие болды Фото: Өзбекстанның мәдениет пен өнерді дамыту қоры

Жапонияның Осака, Кансаи қаласында өтетін EXPO-2025 дүниежүзілік көрмесінде ұсынылған Өзбекстан павильоны Red Dot Award: Brands & Communication Design премиясының "Көрме стендтері" номинациясы бойынша ең беделді марапат – Red Dot: Best of the Best жүлдесінің иегері атанды.

Red Dot Award – дизайн мен коммуникация саласындағы әлемдегі жетекші марапаттардың бірі саналады.

Бұл жүлдені бұған дейін Apple, Ferrari, Philips, LG сынды әлемдік дизайн мен брендтік стандарттарды айқындайтын алпауыт компаниялар иеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу