Өзбекстан президенті 100 адамға рақымшылық жасады

1069

Олардың арасында 12 шетелдік бар.

Өзбекстан президенті 100 адамға рақымшылық жасады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев абақтыда жазасын өтеп жатқан 100 адамға рақымшылық жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Рамазан айы қарсаңында Шавкат Мирзиеев 100 сотталушыға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Оның ішінде 52 адам тыйым салынған ұйымдардың жұмысына араласқан", – деп жазылды президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, рақымшылыққа іліккендердің үшеуі жазасын толық өтеуден, 43-і шартты түрде мерзімінен бұрын жазасын өтеуде босатылды. 10 сотталушының жазасы жеңіл жазаға ауыстырылды, 44 адамның жазасын өтеу мерзімі қысқартылды. 

Сонымен қатар жазасы кешірілгендердің арасында 12 шетелдік бар: жасы 60-тан асқан 6 әйел және 4 ер адам бар.

"Жауапты министрліктер мен ведомстволарға рақымшылыққа іліккендерді әлеуметтік бейімделуге көмек көрсетуге, еңбек тартуға тапсырма берілді", – деп жазылды хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу