Өзбекстан президенті 462 адамды түрмеден босатты

203

Шавкат Мирзиёев тәуелсіздік күніне орай рақымшылық жасау туралы Жарлыққа қол қойды 

Өзбекстан президенті 462 адамды түрмеден босатты Фото: Максим Блинов

Барлығы 522 адамға рақымшылық жасалды, оның 462-сі түрмеден босатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тәуелсіздіктің 33 жылдығын мерекелеуге байланысты "жазасын өтеп жатқан, істеген ісі үшін шын жүректен өкінген және түзету жолына нық қадам басқан адамдар тобына рақымшылық жасау туралы" жарлыққа қол қойылды.

Барлығы 522 адамға рақымшылық жасалды, оның 462-сі түрмеден босатылады, қалғандарына бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылады.

Кешірілгендердің қатарында 19 шетелдік, 56 әйел, 60 жастан асқан 25 ер адам және тыйым салынған ұйымдарға қатысқаны үшін сотталған 27 адам бар.

Бейінді министрліктер мен ведомстволарға қоғамда өмір сүруге қайта үйрену мәселесінде кешірілгендерге жәрдем көрсету тапсырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу