Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Шавкат Мирзиёев Қазақстан Рсепубликасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 2018 жылдың 5-6 шілдесінде Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, екіжақты кездесулер өткізу де жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу