Өзбекстан президенті биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

986

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.  

Өзбекстан президенті биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі барлық бағыт бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.  

"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжақты қатынастарға тың серпін беру мақсатында тараптар Президент Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын жыл соңына дейін ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді", – деп жазылған Мемлекет басшысының сайтында. 

Осыған байланысты екі елдің үкіметтеріне алдағы келіссөздердің жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу