Өзбекстан президенті елбасын бүгінгі мерекесімен құттықтады

868

Өзбекстан президенті елбасын бүгінгі мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Өзбекстан көшбасшысы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен амандық, жаңа табыс тіледі.

Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі тұрақты диалогтар Қазақстан мен Өзбекстанның кең ауқымды бағыттар бойынша серіктестіктігінің жемісті болуының кепіліне, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтудың және өзара іс-қимылды арттырудың маңызды факторына айналғанын ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу