Өзбекстан президенті елбасын туған күнімен құттықтады

1207

Өзбекстан президенті елбасын туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды akorda.kz.

Шавкат Мирзиёев Қазақстан президентін тағы да туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тілеп, жоғары мемлекеттік қызметте табыстарға жетуге ниеттестік білдірді.

Әңгіме барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, алдағы кездесулердің кестесі қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу