Өзбекстан президенті Қырғызстанға екі күндік сапармен барады

487

Екіжақты сипаттағы бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған. 

Өзбекстан президенті Қырғызстанға екі күндік сапармен барады Фото: www.aa.com.tr

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 26-27 қаңтарда Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Сапар аясында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен екіжақты келіссөздер жоспарланған. Түрлі форматтағы елдердің көшбасшылары қырғыз-өзбек стратегиялық әріптестігінің кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ достық, бауырластық пен тату көршілік рухында өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жоспарларын талқылайды", - деді Әзімбақиев.

Оның айтуынша, екіжақты сипаттағы бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу