Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қызы әрі президент әкімшілігінің жетекшісі Саида Мирзиёева Америка-Өзбекстан іскерлік және инвестициялық кеңесінің тең төрағасы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл кеңес бірлескен инвестициялық және сауда жобаларын дамытуға, сондай-ақ Ташкент пен Вашингтон арасындағы инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімдерді дайындауға жауапты.
АҚШ тарапынан кеңестің төрағасы ретінде президент әкімшілігінің өкілі тағайындалады.
Сонымен қатар кеңестің міндеттеріне тарифтер бойынша келіссөздер жүргізу және Uzbekistan IT Park өнімдерін АҚШ нарығында ілгерілету кіреді.