Өзбекстан президенті наурызда Қазақстанға сапарлайды

789

Өзбекстан президенті наурызда Қазақстанға сапарлайды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев наурызда Қазақстанға мемлекеттік іссапармен келеді. 
"Бұл сапар  стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңін ашуға тиіс", – деп атап көрсетті  Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов  бейсенбі күні Ташкентте өтіп жатқан үкіметаралық комиссияның отырысында.

Қазақстан делегациясын бастап барған премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин "екі елдің ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын және үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы тараптардың  көпсалалы ынтымақтастықты нығайтуға деген ұстанымын дәлелдейді"деп атап өтті.

201 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд доллардан асып жығылды.
Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен  229 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде  192 бірлескен және  100-пайыз шетел капиталының қатысуымен 37 кәсіпорын бар.
Республикада үш қазақстандық фирма мен компанияның өкілдігі тіркелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу