Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына және Қазақстан халқына қайғырып, қолдау білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтқан баоша шетелдік әріптестеріне ризашылығын танытқан. Президент қиын сәттегі халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.
Жаза кетейік, 24 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағалауында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілерді үлкен теңіз алып кеткен. Кейін Қорғаныс министрлігі оқиға кезінде 17 әскери қызметшінің суға кеткенін хабарлады. Өкінішке қарай, олардың 14-і қаза болып, үшеуі құтқарылды.
Бұған дейін Ресей президенті мен Қырғызстан президенті және бірқатар ел Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанға көңіл қосын білдірді.