Өзбекстан Президенті Түркі даму банкін құруды ұсынды

414

Өзбек тарапы аталмыш қаржы мекемесін Ташкентте орналастыруға дайын екенін жеткізді. 

Өзбекстан Президенті Түркі даму банкін құруды ұсынды Фото: aqorda.kz

Бұл туралы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттерінің ұйымының мерейтойлық саммитінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз Түркі әлемінің қарарын қалыптастыруды ұсынамыз. Сол арқылы біз түркі халықтарының бірлігін нығайтуға, оның ежелгі тарихтары мен құндылықтарына негізделуге шақырамын. Осы кезекте аталмыш энциклопедияны, қарарды ғалымдардың, сарапшылардың қатысуымен жасауға ұсынамын. Екіншіден, қазіргі таңда Түркі инвестициялық қоры өз жұмысын бастады. Өндірістік ынтымақтастықты нығайту мақсатында, сонымен қатар ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша келесі кезеңде Түркі даму банкін қалыптастыру бойынша қадамдар қабылдауымыз керек. Осы қаржылық институтты Ташкентте қалыптастыруды ұсынамыз", - деді Өзбекстан басшысы.

Сондай-ақ Мирзиёев Өзбекстанда түркі әлемінің жастар креативтік орталығын құруды қолдайтынын да жеткізді.

Айта кету керек, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммиті өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу