Өзбекстан президенті Түркия халқын сайлауда Ердоғанға дауыс беруге шақырды

559

16 наурыз күні Анкарада Түрік мемлекеттер ұйымы саммиті өтті. 

Өзбекстан президенті Түркия халқын сайлауда Ердоғанға дауыс беруге шақырды Фото: img4.eadaily.com

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде сөз сөйлеген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркия тұрғындарын Режеп Тайып Ердоғанға президенттік сайлауда дауыс беруге шақырып, оны өзінің бауырындай көретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Ферғана" агенттігіне сілтеме жасап.

"Біздің барлық бауырлас халықтарымыздың атынан түрік халқына алдағы сайлауда Құрметті Режеп Тайып Ердоғанның кандидатурасын толық қолдауға шақырамын", — деді Мирзиеев.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров өз сөздерінде Ердоғанға алдағы саяси күресте табыс тіледі.

ТМҰ төтенше саммиті Әзербайжан көшбасшысы Ильхам Әлиевтің бастамасымен өтті. Аzertag хабарлағандай, кездесуді алдымен Шуша қаласында өткізу жоспарланған болатын, бірақ ақпан айының басында Түркияда болған жер сілкіністеріне байланысты оны "бауырлас елді қолдау мақсатында" Анкарада өткізу туралы шешім қабылданды.

Саммит төтенше жағдайларды басқару және гуманитарлық көмек көрсету саласындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алу мен оларды еңсерудегі күш-жігерді үйлестіру мәселелеріне арналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу