Өзбекстан Президенті Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

681

Өзбек тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.  

Өзбекстан Президенті Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Өзбекстан басшысы Жамбыл облысында болған қайғылы да төтенше оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті мен халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қолдауы мен жұбату сөздерін жеткізуді сұрап, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты деңгейде тығыз байланыстарды нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беруге мүдделі екендерін нақтылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу