Бұл туралы өзбек басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, Мирзиёев 3 қарашада Қазақстан астанасында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысады.
Саммиттің күн тәртібіне ең алдымен сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік-коммуникациялық, экологиялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ТМҰ шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері енгізілді.
Бұған дейін хабарланғандай, 2 қарашада Астанаға Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан келді. Ол сондай-ақ Венгрия бақылаушы болып табылатын Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады.