Өзбекстан реформаларын қолдауға Дүниежүзілік банктен 800 млн доллар бөлінеді

234

Қаражат реформаларды іске асыруға бағытталады. 

Өзбекстан реформаларын қолдауға Дүниежүзілік банктен 800 млн доллар бөлінеді Фото: yuz.uz

Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы реформаларды қолдау мақсатында 800 миллион доллар жеңілдетілген несие түрінде қаржы пакетін бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бұл реформалар кедейлікті азайту, жұмыс орындарын ашу, жеке секторды дамыту және экономиканың стратегиялық маңызды салаларында бәсекелестікті арттыруға бағытталған.Осылайша Дүниежүзілік банктің Өзбекстан үкіметіне қолдауы мемлекеттік саясатты іске асыруға көмектеседі.

Мәселен, электр энергиясы, жылу және газ тарифтерінің өсуіне байланысты аз қамтылған отбасыларға төленетін әлеуметтік көмекті арттыру көзделіп отыр.

Осыған сәйкес, мұқтаж отбасыларға жыл сайын берілетін материалдық көмек мөлшері 270 мың сомнан 1 миллион сомға дейін көбейеді.

Бұдан басқа әйелдердің жұмыс орнындағы құқықтарын қорғауға бағытталған нормативтік-құқықтық база дамытылады. Жұмыс берушілерге әйелдерді жүктілігіне немесе баласының болуына байланысты жұмысқа қабылдаудан бас тартуға, жалақысын азайтуға немесе жұмыстан босатуға тыйым салынады. 

Сонымен қатар Өзбекстанның Ұлттық инвестициялық қоры құрылады. Кең жолақты интернет пен мобильді байланыс нарығында мемлекеттік компаниялардың үстемдігін шектеу және телекоммуникация саласына жеке инвестициялар тарту мақсатында тәуелсіз телекоммуникациялық реттеуші органды қалыптастыру көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу