Көгілдір отын Қазақстан аумағындағы газ құбыры арқылы өтеді. Оның жылдық импорты шамамен 2,8 миллиард текше метр. Енді бірінші қазаннан Өзбекстанға тәулігіне 9 миллион текше метр газ жөнелтілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ресейден тасымалданатын газ бағасы аймақтағы нарыққа қарап есептеледі. Өзбекстанда жылына 52 млрд текше метр табиғи газ өндіреді. Біз 2,7 миллиардын экспорттап, 4 миллиардын сырттан импорттаймыз", - делінген Өзбекстан Энергетика министрлігі мәлімдемесінде.
Айта кетейік, былтыр қарашаның соңында Қазақстан, Ресей және Өзбекстан президенттері Өзбекстанға Қазақстан арқылы Ресей газын тарту туралы ұсынысты талқылаған. Сарапшылар бұл қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстанға теріс әсер етуі мүмкін екенін айтады. Мамандар Ресейге салынған шектеумен бірге Қазақстан да жанама санкцияға ілінуі ғажап емес,- дейді.