Өзбекстан Ресейден газ импорттау үшін инфрақұрылым әзірлеуде

"Көгілдір отын" әр бағыт бойынша жеке тасымалданады. 

Өзбекстан Ресейден газ импорттау үшін инфрақұрылым әзірлеуде Фото: РИА Новости

"Узтрансгаз" АҚ Ресейден газ импорттауды бастау үшін инфрақұрылымын дайындап жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Газли магистральдық газ құбырлары басқармасы ішкі коммуникациялар мен магистральдық газ құбырларына қажетті монтаждау жұмыстарын жүргізуде", - деп жазылған компанияның Telegram арнасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мақсат – Ресейден әкелінетін табиғи газдың ішкі тасымалдау көлеміне араласпауын қамтамасыз ету.

"Осылайша, әр бағыт бойынша жеке тасымалдау ұйымдастырылады", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Газды магистральдық газ құбырлары басқармасы газ тасымалдау жүйесіндегі ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Ол республика аумағындағы "Бұқара-Орал" және "Орталық Азия-Орталық" магистральдық газ құбырларына қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу