Өзбекстан Ресейдің "үштік газ одағын" құру туралы ұсынысын қабылдамады

544

Өзбекстан газды көршілерден "қандай да бір одақ немесе ұйым" арқылы емес, коммерциялық келісімшарт бойынша импорттауға ниетті. 

Өзбекстан Ресейдің "үштік газ одағын" құру туралы ұсынысын қабылдамады Фото: news.store.rambler.ru

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Жүрабек Мырзамахмұдов мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Республиканың Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Осылайша, ведомство басшысы Өзбекстанда елді Ресеймен және Қазақстанмен "үштік газ одағына" ерікті түрде қатысуға итермелеу үшін энергоресурстардың жасанды тапшылығы ұйымдастырылуда деген қауесеттерге түсініктеме берді.

"Энергия ресурстарының тапшылығы сыртқы факторлармен байланысты емес екенін атап өткен жөн. Бұл ішкі тұтынудың, экономиканың өсуіне, халық санының артуына, сәйкесінше адамдардың әл-ауқаты мен табысы көрсеткішінің жоғарлауына байланысты. Осының барлығы энергия ресурстарына деген қажеттілік пен сұраныстың күрт өсуіне әкелді. Тағы да айтамын, жағдайдың осындай болуы біздің ғана кінәміз, біз өз қажеттілігімізді жеткілікті деңгейде және жеткілікті көлемде жаба алмай отырмыз", — деді Мирзамахмудов.

Оның айтуынша, сондықтан Өзбекстан газды импорттауға мәжбүр.

"Сұранысты жабу, ішкі тұтынуды қамтамасыз ету мен бүгінгі күнге дейін мәселені шешу үшін біз қандай да бір одақ немесе ұйым арқылы емес, көрші елдерден газ бен электр энергиясын импорттау үшін келіссөздер арқылы байланыс жүргізіп жатырмыз. Мұнда біз энергетикалық желілерді беру арқылы емес, коммерциялық келісімшарт, сатып алу-сату негізінде ынтымақтастық жасау үшін ұлттық мүдделерге негізделген әрекеттерге ғана барамыз", - деп атап өтті ол.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Ресей, Қазақстан мен Өзбекстанның "үштік газ одағын" құруды ұсынған болатын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу