Өзбекстан Ресейге газ кен орындарының берілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

823

 Өзбекстанның Энергетика министрі Жүрабек Мырзамахмудов елдің барлық мұнай-газ кен орындарын ресейлік компанияларға беру туралы хабарламаларды жоққа шығарды.

Өзбекстан Ресейге газ кен орындарының берілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды Фото: img3.eadaily.com

Бұл туралы "Ферғана" АА хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұған дейін мұндай ақпаратты "Озодлик" басылымы — "Азаттық радиосының" өзбек қызметі жариялаған болатын.

"Бұл мүлдем негізсіз әрі дұрыс берілмеген ақпарат. Пайдаланудағы кен орындарының негізгі бөлігі "Өзбекнефтегаз" компаниясына тиесілі. 35 жыл туралы ақпарат тек "Тәуелсіздікке 25 жыл" кен орнын игеруге және пайдалануға қатысты", — деп түсіндірді Мирзамахмудов журналистермен кездесуде.

Оның айтуынша, бұл кен орны Өзбекстанға тиесілі 250-ден астам кен орнының бірі ғана.

"Инвесторлар игеру бойынша барлық шығынды толығымен өз есебінен жүргізеді, кен орнынан түскен пайда мемлекетпен тең бөлінеді. Келісім күшіне енген сәттен бастап 35 жыл бойы қолданылатын болады", — деп түсіндірді министр.

Әрі қарай ол Өзбекстан билігі мұнай-газ кен орындары бойынша келісімге келген басқа шетелдік компанияларды атады. Мысалы, американдық Epsilon 18 шахтаны, қытайлық CNPC — 13, ресейлік "Лукойл" — 13, "Газпром" — екеуін игеруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу