Өзбекстанмен шекаралас "Қазығұрт" кеден бекетінде қылмысын жүзеге асырған топ ұсталды

824

Олар контрабанда және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан.   

Өзбекстанмен шекаралас "Қазығұрт" кеден бекетінде қылмысын жүзеге асырған топ ұсталды Фото: polisia.kz

Аталған адамдар кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлық байланыстарын пайдалана отырып, "брокерлік қызметтер" көрсету деген желеумен тауарларды жалған құжаттар бойынша заңсыз әкелуді жүйелі негізде жүзеге асырды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тасымалданатын жүкке байланысты бір жүк көлігінің кедергісіз кіруі мен шығуы үшін 200 мың теңгеге дейін ақы алынған, бұл кейіннен тауар құнының өсуіне әсер еткен. Тәулігіне кеден бекеті арқылы 150-ге жуық автокөлік өткен.

Сонымен қатар, қылмыскерлер көрші елдің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қылмыстық қолдау көрсеткен. Жедел қызметкерлер бүкіл қылмыстық схеманы анықтап, құжаттады.

Бір мезгілде тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, атыс және суық қарудың түрлері, "қара кассаның" есепке алу жазбалары, шетел азаматтарының паспорттары, арнайы техникалық құралдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу