Өзбекстан "Сардоба" су қоймасындағы апаттан қандай қорытынды шығарды

1328

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың айтуынша, Өзбекстан "Сардоба" су қоймасының сыйымдылығын азайтуды ойлап отыр.

Өзбекстан "Сардоба" су қоймасындағы апаттан қандай қорытынды шығарды

"Біріншіден, о баста Өзбекстан тарапы нысанды салған кезде бізбен келіспеді. Бірақ біз жағдайды бақылап отырмыз. Басында оның жобалық қуаты 920 млн текше метрдей болған. Сол авариядан кейін бұлар былтыр 350 млн текше метр суға мүмкіндік болады деп, жөндеу жұмыстарын жасады. Биыл сол 350 млн текше метр суды жинақтап жатыр. Болашақта Өзбекстанның жоспары бұрынғы 900 млн текше метр емес, 600 млн текше метрге дейін апарып, сонымен тоқтату туралы ойлары бар. Біз оны бақылап, қарап отырмыз. Әзірше Қазақстанға мына жағдайда қауіп жоқ деген болжам бар. Біздің мамандар да барып келді. Өзбек тарапының айтып отырғаны да осы", – деді вице-министр ОртКом қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрағына жауап беріп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу