Өзбекстан Шардара су қоймасына су ағынын екі есе арттырады

487

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрілгі мәлім етті.

Өзбекстан Шардара су қоймасына су ағынын екі есе арттырады Фото: ortcom

Өзбек тарапымен Шардара су қоймасына су ағынын 200 м3/сек дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл 28 шілдедегі жағдай бойынша сағат 7:30-дан (Ташкент уақыты бойынша) "Достық" бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына су ағызу көлемі 20 м3/сек жүзеге асырылады. Суды ағызу "Ақжар" гидропостына ("Бахри Точик" су қоймасына ағын) ағынның ұлғаюы және тиісінше су қоймасынан ағынның ұлғаюы есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар өзбек тарапы "Достық" бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына ағызылатын су шығынын 50 м3/сек дейін жеткізуге ниетті.

Сонымен қатар, сол күні Чарвак су қоймасынан (Газалкент ГЭС) өткен күнмен салыстырғанда (ағымдағы жылдың 27 шілдесі) су жіберу 290 м3/сек-тен 310 м3/сек дейін ұлғайтылды.

Алайда, бұл су көлемі Сырдария өзенінің бөгетінде су ағызуды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз және Чирчик өзенінің бассейнінде суару қажеттілігі үшін су шаруашылығы арналары арқылы жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу