"5 мамырда Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Добо-Коргон елді мекеніндегі мемлекеттік шекараның қырғыз-өзбек учаскесінде Өзбекстанның шекарашылары үш қырғыз азаматына оқ атты. Нәтижесінде 1974, 1998 және 2000 жылы туған азаматтар жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Бірақ олар алған жарақаттан қаза тапты", – деп жазылған Қырғызстанның шекара қызметінің ресми мәлімдемесінде.
Ведомствоның мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қырғызстанның Ала-Букин бағыты бойынша шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағыты бойынша шекара өкілімен дереу кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тергеу қорытындылары бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға уағдаласты.
Оқиға фактісі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.
Табиғат Нұрболат