Өзбекстан шетелдіктер үшін "алтын виза" енгізбек

169

1 маусымнан бастап бұл мемлекетте тұруға рұқсат алудың оңайлатылған тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты spot.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан шетелдіктер үшін "алтын виза" енгізбек Фото: spot.uz

Ел президенті тиісті жарлыққа қол қойды.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, 5 жыл мерзімге берілетін құжаттың құны – 200 мың доллар. Бұл соманы өтініш беруші азамат төлейді. Ал, отбасының өзге мүшелерінің әрқайсысы ел қазынасына 100 мың доллар аударуы тиіс.

Қаражат төленген соң Өзбекстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат беретін құжат тез арада қолға тиеді.

Айта кету керек, соңғы жылдары пайда табу мақсатында Өзбекстанға ағылатын шетелдіктер қатары артып келеді.

"Алтын виза" тәжірибесі әлемнің бірқатар елінде танымал. Ауқатты мигранттарды тартуға бағытталған жобадан көршілес ел де шет қалмауды ұйғарыпты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу