Өзбекстан шетелдіктер үшін жаңа ережелер енгізді

1019

Өзбекстан шетелдіктер үшін жаңа ережелер енгізді

Өзбекстанға шетелдік туристердің емін-еркін кіруін қамтамасыз ету мақсатында елдің ішкі істер органдарында тіркелу процедурасы жеңілдетілді. Енді аталмыш елге  барған кез келген турист дербес онлайн тіркелуіне болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Жаңа тәртіп бойынша Өзбекстанға өздігінен келген туристер үш күннің ішінде Интернет арқылы баратын жерлерін көрсете отырып, ішкі істер органдарында тіркеле алады. Сонымен қатар, Өзбекстан министрлер кабинетінің 29 мамырдағы қаулысына сәйкес мемлекеттік баж, алым және басқа да салық емес төлемдерді шетелдік валютамен қабылдау тәртібі де өзгерді. Олар енді әр тәулік үшін жергілікті ақшамен 3 мың 445 сум төлейтін болады.

Өзгерістер ТМД елдерінің азаматтарын да айналып өткен жоқ. Бұрын, Өзбекстанға барған ТМД азаматтарынан 6 ай үшін 40 мың 129 сум алынса, енді 30 күннің әр тәулігі үшін 3 мың 445 сум алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу