Өзбекстан СІМ әзірге Қазақстанға келуден бас тартуға кеңес береді

976

Себебі, Қазақстанның барлық аумағындағы қолайсыз ауа райына байланысты тас жолдарында атты аяз салдарынан қиын жағдайға тап болған Өзбекстан азаматтарынан түсетін арыз-шағымдар жиілеген.  

Өзбекстан СІМ әзірге Қазақстанға келуден бас тартуға кеңес береді Фото: e-cis.info

Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктері Қазақстандағы жерлестермен және уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста, деп жазады inbusiness.kz Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өзбекстандықтарға консулдық, құқықтық және практикалық көмек көрсетіліп жатыр.

"Осы айтылған жағдайларды ескере отырып, Өзбекстан азаматтарына ауа райы тұрақталғанға дейін Қазақстан аумағы арқылы автокөлікпен және автобуспен жүруден бас тартуды ұсынамыз", - делінген Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі қиын жағдайға тап болған Қазақстандағы жерлестеріне Өзбекстанның Астанадағы елшілігіне +717 295-42-52 немесе Алматыдағы +727 390 26 16 және Ақтаудағы бас консулдықтарға +729 277 71 17 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу