Өзбекстан СІМ: ДХР мен ЛХР егемендігін мойындамаймыз

1204

Абдулазиз Камилов Өзбекстан Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын мойындайтынын айтты.

Өзбекстан СІМ: ДХР мен ЛХР егемендігін мойындамаймыз

Өзбекстан ДХР мен ЛХР-дың егемендігін мойындамайды. Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Біріншіден, Украинаның төңірегіндегі жағдайға алаңдаушылық білдіреміз. Екіншіден, Өзбекстан шиеленісті бейбіт жолмен және дипломатиялық жолмен шешу жолын қолдайды. Ол үшін, ең алдымен, соғыс қимылдары мен зорлық-зомбылық дереу тоқтатылуы керек", – деді Абдулазиз Камилов.

Ол сонымен бірге Өзбекстан Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын мойындайтынын айтты. "Біз ДХР мен ЛХР-дың егемендігін мойындамаймыз", – деді министр.

Ақпан айында Ресей ДХР және ЛХР егемендігін мойындады. Кейінірек Ресей Президенті Владимир Путин халыққа үндеу жасап, Донбасста "арнайы әскери операцияның" басталғанын жариялады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу