Өзбекстан спортшылары Париж Олимпиадасында рекорд жасады

781

Көршілер жалпы медальдар кестесінде 13-орынға тұрақтады. 

Өзбекстан спортшылары Париж Олимпиадасында рекорд жасады Фото: gazeta.uz

Париждегі Олимпиада ойындарында Өзбекстан құрамасы тарихи жүлделеріне қол жеткізіп, ең үздік нәтижеге тұрақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өз ағайындар Париж төрінен 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы медальдар кестесінде 13-орынға қол жеткізді. Бұл – Өзбекстан құрамасының жалпы Олимпиада ойындарындағы ең үздік тарихи көрсеткіші.

Сондай-ақ, сегіз алтынның бесеуін боксшылар жеңіп алса, қалған үшеуін дзюдо, еркін күрес және таэквондодан сынға түскен спортшылар еншіледі.

Алтынды бокстан Хасанбой Дусматов, Асадхуджа Муйдинхужаев, Лазизбек Муллажонов, Абдумалик Халоков, және аса ауыр салмақта Баходир Жалолов жеңіп алды.

Осылайша Өзбекстан боксшылары арасынан екі былғары қолғап шебері екі дүркін Олимпиада чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Жалолов осыған дейін Токио Олимпиадасында тағы да +92 келі салмақта топ жарған болатын. Ал Дусматов 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасында үздік атанған еді.

Дзюдодан Диёра Келдиёрова чемпион атанса, еркін күрестен Разамбек Жамалов бас жүлдені қанжығалады. Сонымен қатар таэквондошы Улугбек Рашидов чемпион атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу