Өзбекстан тілге қатысты заңды сынға алғандарға жауап берді

879

Елдің Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, кей ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде өзбек тілі, яғни мемлекеттік тілдің қолданылуы туралы шындыққа жанаспайтын деректер таралып кеткен.

Өзбекстан тілге қатысты заңды сынға алғандарға жауап берді

Өзбекстанның Әділет министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің іс қағаздар істерін мемлекеттік тілде жүргізбегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жазылған заң жобасының жай-жапсарын айтты. 

Құжат 25 сәуірде СОВАЗ порталында қоғамдық талқылауға шығарылған болатын. Бірқатар пікір білдіргендер жаңа ереже орыстілді халықтың құқықтарына шек қойып, сонымен қатар олардың заң шығару процесіне толыққанды араласуына кедергі келтіретінін айтты. 

"Біріншіден, Мемлекеттік тіл туралы заңның 9 бабы бойынша, мемлекеттік биліктің органдары мен басқармаларында жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі және қажет болған жағдайда басқа тілдерге аударылады. Жобаға қандай да бір талаптар қосылып немесе тілдің қолданылуына қатысты ауыртпалық енгізілейін деп жатқан жоқ. Бар болғаны қазіргі заңның талаптары мен тәртібі ескерілген", – деп жазылған ведомствоның мәлімдемесінде.

Екіншіден, министрлік бұл заң жобасының мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қатысты екенін, сондықтан әкімшілік жауапкершілікке тек осы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері тартылатынын жеткізді.

Әділет министрлігінің баспасөз хатшысы Севара Уринбаева болса, бірқатар орыстілді сайтты осы заңды бұрмалағаны үшін сынға алды. Ол бұл бастаманың Өзбекстандағы ешбір азаматтың құқығын шектемейтінін және ережені тек мемлекеттік қызметкерлердің орындауы тиіс екенін басып айтты. 

"Егер үкіметтік ұйымдардың лауазымды тұлғалары Өзбекстанда тұрып жатқан болса, олар өзбек тілін құрметтеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда оларға айыппұл салынады. Бұл дұрыс шешім", – деді Уринбаева. 

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу