Өзбекстан астанасында өткен Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңестің бесінші отырысында Өзбекстан Республикасының Кеңесіне төрағалық етуді 2024-2025 жылдарға тапсыру туралы шешім қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кеңестің төрағасы болып сайланған Өзбекстан ғарыштық зерттеулер агенттігінің директоры Шухрат Қадыров алдағы жылдарға арналған қызметтің басым бағыттарын белгіледі. Олардың қатарында ғарыштық білім беруді дамыту, жас мамандарды даярлау жөніндегі бірлескен жобалар, халықаралық ғарыш бағдарламаларына қатысу және ғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты нығайту бар.
Өзбек ғарыш басшысы кеңестің алдында алдағы жылдарға арналған Ғарыш қызметін дамыту, БҰҰ аясындағы күш-жігерді үйлестіру және ғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша өршіл міндеттер тұрғанын атап өтті.
Айта кетейік, отырысқа қатысушылар Өзбек ғарыш басшысы кандидатурасын бірауыздан қолдады. Нормативтік құжаттарға сәйкес Кеңесте төрағалық етуді ТМД-ның әрбір елі әліпбилік тәртіппен кезекпен жүзеге асырады. 2023-2024 жылдары Достастықтың осы құрылымының төрағасы Тәжікстан болды.