Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруға дайындалып жатыр

126

Спутникті 2028 жылы ұшыру жоспарланып отыр.      

Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруға дайындалып жатыр Фото: fergana.agency

Ұлттық жоба аясында өзбекстандық ғарышкерді 10-14 күндік ғарыш сапарына жіберу және миссияны жүзеге асыру үшін халықаралық әріптестік орнату ұсынылған, деп жазады inbusiness.kz сайты kun.uz порталына сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев елдің алғашқы ғарышкерін дайындау жөніндегі алғашқы қадамдарға арналған жоспармен танысты.

Баяндама барысында өзбек президентінің бастамасымен алғашқы ұлттық ғарышкерді даярлау стратегиялық міндет ретінде белгіленгені айтылған. Президент бұл бастаманың тек символдық мәні емес, елдің ғылыми әлеуетін, жастардың арманын және ұлттық мақтанышын көрсететін маңызды жоба екенін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба Өзбекстанның халықаралық беделін арттырып, ғылым мен технологияның дамуына жаңа серпін береді.

Сонымен қатар 2028 жылы халықаралық ғарыш конгресін Самарқанд қаласында өткізу мәселесі қарастырылған. Кездесуге АҚШ, Еуропа, Қытай, Үндістан, Ресей және басқа да елдердің жетекші ғарыш ұйымдары қызығушылық танытып отырғаны айтылды.

Кездесу қорытындысында президент ұлттық ғарышкерді дайындау бойынша нақты есептеулер мен практикалық ұсыныстарды мұқият әзірлеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу