Өзбекстан тұрғынының үйінен контрабандаға арналған туннель табылды

616

150 метрлік жер асты жолы көршілес Қырғызстанға апаратын болған. Туннель ақшаны тасымалдау үшін пайдаланылды, деп жазады inbusiness.kz.   

Өзбекстан тұрғынының үйінен контрабандаға арналған туннель табылды

Рейд барысында Өзбекстанның 32 жастағы тұрғынының үйінен жерасты туннелі табылды. Ол көшті серіктестерімен бірге қазған болып шықты. Контрабандалық схемаға барлығы сегіз адам қатысқан, оның алтауы қырғызстандық. Туннель арқылы қылмыскерлер 1,5 миллион доллардан астам ақшаны тасымалдаған. Өзбекстаннан Қырғызстанға ақша жөнелтіліп отырған.

Контрабандалық схемаға қатысушылардың барлығы сотталды. Сот оларды алты жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Ош облысы тұрғынының үйінен Өзбекстанға апаратын жерасты туннелі анықталғанын хабарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу