Өзбекстан туристер үшін елге кіру визасын рәсімдеу құнын төмендетті

955

Өзбекстан туристер үшін елге кіру визасын рәсімдеу құнын төмендетті

Өзбекстан бір айға берілетін бірыңғай туристік визаны енгізіп, оның құнын 40 долларға дейін төмендетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеке шетелдік азаматтар үшін енді 30 күнге берілетін туристік виза іске қосылды. Бұдан бұрын шетелдіктер қысқа мерзімге туристік виза алып, рейстердің тоқтатылуы немесе басқа да себептерге байланысты оның мерзімін ұзарту мәселесіне жиі тап болатын.

Жеке туристер үшін елге кіру визасын рәсімдеу құны 60-тан 40 АҚШ долларына дейін төмендетілді. Мемлекеттік туризм комитеті туристік визаның қымбат бағасы Өзбекстанда саяхаттау шешімін қабылдау үшін белгілі бір тежеуіш фактор болып келгенін атап өтті.  

Топтық визаның бір туриске арналған 15 күндік бағасы - 15 долларды, 30 күнге - 25 долларды құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу