Өзбекстан түрмелерінде сотталғандар IT мен шет тілдерін оқитын болды

103

1 маусымнан бастап жоба үш облыста іске қосылады. 

Өзбекстан түрмелерінде сотталғандар IT мен шет тілдерін оқитын болды Фото: zamin.uz

Өзбекстанның түрмелерінде жазасын өтеп жатқан жастарды заманауи мамандықтарға оқыту жүйесі енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап. 

Тиісті шешім Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлығында айтылған. Құжатқа сәйкес, "Иккинчи имкон" ("Екінші мүмкіндік") атты әлеуметтік оңалтудың ұлттық жобасы жүзеге асырылмақ. Бағдарлама сотталған жастарды қоғамға қайта бейімдеп, сұранысқа ие мамандықтарды меңгертуге бағытталған.

1 маусымнан бастап жоба Ташкент, Навои және Қашқадария облыстарының колонияларында іске қосылады. 2027 жылғы 1 наурыздан бастап оны республиканың өзге өңірлеріне тарату көзделген.

Оқыту жазаны өтеу мекемелерінде жүргізіліп, 8-12 айға созылады. Бұл бағдарламаға қоғамға аса қауіпті емес, ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан жастар тартылатыны белгілі болды. Жоба аясында олар цифрлық және басқа да заманауи мамандықтар бойынша білім алып, ағылшын, орыс, қытай және өзге де шет тілдерін меңгере алады.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға электронды сертификаттар беріледі. Бұл олардың болашақта жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында жасалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу