Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

830

Жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 21 қаңтарда өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында қаралады.

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

Өзбекстан үкіметі Олий Мажлистің (Парламенттің төменгі палатасы) жаңа құрамының алдында өз өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтемемен 24.kz хабарлайды.

Министрлер кабинеті өкілдерінің өкілеттігі Өзбекстан Республикасы Конституциясының 98-бабына сәйкес тоқтатылғаны хабарланды. Бұл құрам жаңа құрам тағайындалғанға дейін жұмысын жалғастыратын болады.

Белгілі болғандай, жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 21 қаңтарда өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында қаралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу