Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Самвел Бабаян жұмысынан босатылды, деп хабарлайды “The Qazaq Times”.
Өзбекстан Футбол Федерациясының сайтында жарияланған ресми мәлімдемеде: "Біз Самвел Бабаянды 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде ұлттық құрама ойыншыларын дайындауда өз жұмысын толықтай атқара алмағаны үшін жұмыстан босаттық. Бабаян Өзбекстан құрамасы Оңтүстік Кореямен тең ойын көрсеткеннен кейін ұлттық құрама бас бапкері қызметінен алынып тасталды. Қазіргі таңда Бабаянмен бірге жұмыс жістеген бапкерлер құрамы толықтай орындарынан кетті" - делінген.
Естеріңізге салайық, Өзбекстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде А тобында өзінің соңғы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы 0:0 есебімен ойнап, әлем чемпионатынан тыс қалған. Бұл топта Иран мен Оңтүстік Корея ӘЧ тікелей жолдама алып, Сүрия құрамасы үшінші орынмен іріктеу ойындарының төртінші кезеңіне шыққан еді. Тағы бір айта кететін жайт Өзбекстан Футбол Федерациясы Самвел Бабаянды осыған дейінде 2016 жылы олимпиада ойындарына жолдама үшін өткен Азия құрлығы ойындарында Өзбекстан құрамасы Оңтүстік Корея мен Ираннан ұтылып, топтан шыға алмай қалғаны үшін жұмыстан қуған. Бірақ кейіннен оған қайтадан ұлттық құрама тізгінін сеніп тапсырған болатын.