Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшқыштары 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатының құрбандарын еске алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Oxu.Az басылымына сілтеме жасап.
Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшқан AZAL-дың Embraer 190 әуе кемесі апатынан қаза тапқандарды еске алу үшін Ақтауды екі рет айналып өтті. UzAirways әуе кемесі де Ташкенттен Грозныйға HY9701 рейсін орындаған болатын.
Айта кету керек, 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу