Uzbekistan Airways әуе компаниясы қауіпсіздік мақсатында Ресей мен Беларусь арқылы ұшып өтетін Еуропа рейстерін тоқтатты. Енді оңтүстік бағытта – Әзербайжан мен Түркия арқылы ұшатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты repost.uz-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы авиакомпанияның 33 жылдық мерейтойына арналған баспасөз конференциясында белгілі болды.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ұлттық әуе компаниясының жаңа маршруты 20 қаңтардан бастап іске қосылған.
Uzbekistan Airways баспасөз қызметі бағыттың өзгеруі Әзербайжанның AZAL ұшағының апатымен байланысты емес екенін айтып отыр. Олар бұл тек сақтық шаралары және белгілі бір дәрежеде маршрутты оңтайландыру екенін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу