Болжам бойынша Үстірттегі мұнай қорының көлемі 100 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты Asia today-ге сілтеме жасап.
Осы уақытқа дейін Үстірт тек газ қоры мол аймақ ретінде қарастырылса, заманауи технологиялардың көмегімен мұнда мұнай бары да анықталды.
Жоба аясында жылына 5 млн тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарланған. Бұл Өзбекстанның қазіргі мұнай импорты көлемінен 2,5 есе көп. Жобаның жалпы инвестициясы 2 млрд доллар деп бағаланып отыр.
Алғашқы үш жылда сейсмикалық зерттеу мен барлау ұңғымаларын бұрғылауды қоса алғанда, геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу