Өзбекстан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі комитетіне мүше болды

810

Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның конвенциясын 180 мемлекет қолдап отыр.

Өзбекстан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі комитетіне мүше болды

Өзбекстан алғаш рет Парижде өткен "материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы" конвенцияға мүше мемлекеттер Бас ассамблеясының сегізінші сессиясында материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЮНЕСКО-ның екінші аймақтық сайлау тобында Өзбекстан, Болгария, Босния және Герцеговина, Словакия және Эстония елдері бос екі орынға таласты. Өзбекстан 105 дауыс, Словакия 94 дауыс жинап топ жарды. Өзбекстан 2022-2026 жылдарға сайланды.

Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның конвенциясын 180 мемлекет қолдап отыр. Өзбекстан оған 2008 жылы қосылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне Өзбекстанға қатысы бар 10 ұлттық және көпұлтты элементтер енгізілген. Олардың қатарында шашмак музыкасы, палау дайындау дәстүрі, Навруз мерекесі, лазга Хорезм биі бар.

Табиғат Нұрболат

Фото: uzbekistan.travel

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу