Өзбекстан жалған емшілермен күреспек

253

Заң жобасын талқыланып, кейбір ұсыныстар бекітілді.

Өзбекстан жалған емшілермен күреспек Фото: turanews.kz

Енді Өзбекстанда лицензиясыз және медициналық білімі жоқ емшілерге әкімшілік жаза қолданыла бастайды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ӨР Олий Мажлиси Сенатының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сенаторлар комитет отырысында "Өзбекстанның кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын талқылап, кейбір ұсыныстарды бекітті.

Атап айтқанда, енді медициналық білімі мен лицензиясы жоқ емшілер азаматтарды диагностикадан өткізсе немесе емдесе, онда олар әкімшілік жауапқа тартылады.

Сонымен қатар, пайда табу мақсатында ғылыми дәлелденбеген, тексерілмеген халықтық медицинаның әдіс-тәсілдерін насихаттағаны үшін де әкімшілік жаза қолданылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу