Өзбекстан жасанды тыныс алу аппаратын шығармақ

922

Әлемнің 12 елінде өндірісі жолға қойылған жоба енді Орталық Азияда тұңғыш рет Өзбекстанда қолға алынбақ.

Өзбекстан жасанды тыныс алу аппаратын шығармақ

Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі Cловакияның "Chirana" компаниясы және ресейлік серіктестермен бірлесіп, жасанды тыныс алу аппаратын шығармақ, деп хабарлайды елдің ұлттық ақпараттық агенттігі.

"Әлемнің 12 елінде ғана өндірісі жолға қойылған жасанды тыныс алу аппаратының Орталық Азиядағы тұңғыш зауыттық жобасының алғашқы кезеңінде жалпы құны 3 миллон долларды құрайтын 30 жұмыс орнын ашу көзделген. Жобаның екінші кезеңінде 6 миллиондық инвестицияның есебінен жаңа жұмыс орындарын 100-ге жеткізу жоспарланған",– деп жазады агенттік.

Агенттіктің хабарлауынша, құрылғыны жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсету орталығы, жасанды респираторлар мен НТА (наркозды-тыныс алу аппараты) үшін бірегей, жылжымалы және заманауи қызмет көрсету орталығы құрылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу